Ташкентте таэквондодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді
Биылғы 12–17 сәуір күндері Ташкент қаласында таэквондо WT бойынша жастар арасындағы XV әлем чемпионаты өтеді.
Чемпионатқа қатысу үшін 118 елден 990 спортшы тіркелген. Бұл жағдай 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының рекордынан асып отыр.
Әлемнің ең мықты жас таэквондошылары қатысатын жарыс қыздар мен ұлдар арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады.
Бәсекелер Ташкент қаласындағы «Олимпия қалашығында» орналасқан Жекпе-жек спорт кешенінде өтеді.
Чемпионат бағдарламасына сәйкес, 10 сәуір күні Ташкентте таэквондо WT флешмоб шарасы және «World Taekwondo Performance» командасының қатысуымен мерекелік шоу өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, осы күні Ташкентте Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы кеңесінің отырысы, жарыс басталар алдында ресми баспасөз мәслихаты, ал 11 сәуірде Бас ассамблея отырысы ұйымдастырылады.