Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері Рахметолла Райымқұловтың туғанына 110 жыл толуына орай Ташкент қаласындағы Өзбекстан Жазушылар одағында «Қос ұлттың қыран тұлғасы» атты халықаралық ғылыми-пактикалық конференция өтті.

Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы, халық ақыны Сирожиддин Сайид ашқан салтанатты шарада, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы Мәлік Отарбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын оқып есіттірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов, ҚР мемлекет қайраткері, жазушы-публицист Сауытбек Абдурахманов, қаламгердің қызы ҚР өнер қайраткері Ақтоты Райымқұлова және басқалар екі бауырлас халық арасындағы достық қарым-қатынастың соңғы жылдары одан әрі дамып, жаңа кезеңге аяқ басқанын атап өтті.

Көрнекті қаламгер Рахметолла Райымқұлов 1913 жылы Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Қараманас ауылында дүниеге келген (1978 жылдың 18 маусымында дүниеден өткен).

Өткен ғасырдың басында – дәлірек айтсақ, 1929 жылы төрт кластың білімімен Ташкенттегі Қазақ педагогикалық ­техникумына түскен, оны 1933 жылы тамамдап Ташкент облысының Жоғарғы Шыршық ­ауданында мұғалім болған ол аудандық «Алға» газетінде редактор да болып жұмыс істеген. 1939 жылы Алматыдағы Қазақстан Коммунистік журналис­тер институтын бітіргесін, бұрынғы «Сталин жолы», қазіргі «Қазақстан әйелдері» журналында жауапты хатшы, кейіннен «Социалистік Қазақстан» бүгінгі ел газеті – «Егемен Қазақстан» газетінде істеп жүргенде – 1941 жылы майданға аттанып, 1946 жылдың қаңтарына дейін әскер қатарында болады. Оның бұдан кейінгі өмірі Қазақстан Жазушылар одағында, «Жұлдыз» журналында жалғасады. 

Қыл қалам шебері білікті аудармашы ретінде де лайықты мұра қалдырған болып, тәжік, өзбек, ұйғыр, латыш әдебиетінің үлгілерін қазақ тіліне аударып жариялаған. Садриддин Айнидің «Бұқара» трилогиясының екі кітабын, Ж. Бұғыбаевпен бірге Мирмухсиннің «Үміт» романын тәржімалаған. Ю. Мухлисовтың «Махаббат» новелласын ұйғыр тілінен қазақшаға, украин жазушысы Олег Гончардың, тағы басқа да жазушылардың әңгіме, новеллаларын қазақ тіліне аударған.

Өзінің де «Түйелі адам», «Көкжал», «Уәде», «Сұр көбелек» сияқты бірнеше туындысы өзбек, қарақалпақ, орыс тілдеріне аударылған. 

«Ашынған жандар» (Қалмұқан Исабаевпен бірге), «Мөлдір аспан», «Бұған сенбе - ертегі», «Әкесінің арқасында» т.б. пьесалары жарияланған. 1959-1960 жж. облыстық және республикалық жастар театрында «Ашынған жандар» спектаклі, 1972 ж. «Мөлдір аспан» атты екі актілі драмасы радио театрында қойылған. 2022 ж. Р.Райымқұловтың «Түйелі адам» повесінің сарыны бойынша жазушы-драматург Дулат Исабеков «Мақшар түнгі махаббат» атты мистикалық драма нұсқасын әзірледі. Бұл пьеса Алматыдағы М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында сахналанды. Р. Райымқұлов шығармашылық ізденісінің арқасында бірнеше орден, медальдармен марапатталған. 

Кітаптары: “Уәде” 1958; “Жасыл белес” 1960; “Түйелі адам” 1962; “Өліммен беттескенде” 1963; “Балдақты адам” 1964; “Көкжал” 1964; “Бұрылыстар” 1967; “Қыз-айна” 1970; “Болаттың сынығы” 1975; “Қара жорға” 1993 романдары, хикаяттары, әңгіме-повестері, екі және үш томдық таңдамалы шығармалар жинақтары (1981, 2003, 2016 жж) жарық көрген.

Бүгінгі өткен алқалы шарада Рахметолла Райымқұловтың туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қос ұлттың қыран тұлғасы» халықаралық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және қаламгердің «Сұр көбелек» және «Рахметолла Райымқұлов. Өнегелі ғұмыр» атты кітаптарының тұсаукесері өтті. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Рахметолла Райымқұловтың 110 жылдығына арналған шара өтті