2022 жылдың 17 мамыр күні Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен Ташкент қаласында «Bilim Karvoni» («Білім керуені») мемлекеттік емес ғылыми мекемесінің ұйымдастыруында дөңгелек үстел өтті.
Атаулы іс-шара осы жылдың 5 маусымында Қазақстанда өтетін референдумға байланысты елдің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылауға арналды.
Ғылыми жиынға Елшілік қызметкерлері, ғалымдар, халықаралық ұйымдардың сарапшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Онда Елші Д.Сатыбалды дөңгелек үстелге қатысушыларға 2022 жылдың наурыз айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ауқымды саяси өзгерістер туралы толықтай ақпарат беріп, елдің «суперпрезиденттік» басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді, барлық мемлекеттік модельді кешенді трансформациялауды, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың оңтайлы теңгерімін қалыптастыруды, мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын құруды бекітуге арналған конституциялық реформаның ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Дөңгелек үстелге қатысқан ғалымдар мен сарапшылар Қазақстанның демократия жолындағы реформалары, ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақтама тоқталды.
«Bilim Karvoni» мекемесінің басшысы Ф.Толипов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жыл толуына орай, өз баяндамасында екі ел арасындағы барлық деңгейде қарқынды дамып келе жатқан атап өтті.