Ташкентте алғашқы Президент мектебі ашылды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттегі Президент мектебінде болып ашылу салтанатына қатысты.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 10 қыркүйек күні Ташкенттегі Президент мектебінде болды.
Қазірде Өзбекстанда құрылып жатқан Президенттік мектептер жаңа ұрпақ мамандарын тәрбиелеуде маңызды екені сөзсіз. Себебі бұл оқу ордасы дарынды балаларды анықтауға, оларды озық технологияларды қолдана отырып оқыту мен тәрбиелеудің біртұтас жүйесі болады. Оқу процесі дамыған, озық елдердің тәжірибесі негізінде жасалған оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі.
Осы сынды мектептердің алғашқысы Ташкентте пайдалануға беріліп, онда 168 орынға арналған мектеп ғимараты мен жатақхана және 15 орындық мұғалімдер қонақ үйіде салынған.
Биылғы жылдың өзінде 5-10 сыныптарына өтініш берген 7000 оқушының ішінен 144-і қабылданып, Канаданың «Teachaway» және Ұлыбританияның «TIC Recruitment» рекрутинг компанияларымен бірлесе отырып, мектепке 30 шетелдік маман таңдап алынған. Сонымен қатар 72 тәжірибелі және білікті жергілікті мұғалімдер жұмысқа қабылданып, STEAM әдісі бойынша оқулықтар мен оқу құралдармен қамтамасыз етілген.
-Бұл өміріңіздегі алғашқы сынақ болды. Сіз еңбек, білім және әділет не екенін көрдіңіз. Сіздерді осындай беделді мектепке ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Қазір сіздер Өзбекстанның «алтын қорысыз». Халықтың, елдің ұлылығын мадақтайтын көптеген дүниелер бар. Бірақ солардың ішінде ең жақсысы біліммен көрсете алғандығы. Бүгінгі мына сіздердің араларынңыздан, кешегі келмеске кеткен Хорезмилер, Ибн Сина және Ұлықбектердей ғұламалардың шығуына барлық жағдайлар жасалған. Бүгін - тарихи күн. Бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Енді шетелден абыройлы қонақтар келсе, біз үлкен зауыттарды емес, Президенттік мектептерді көрсетеміз. Сіз өзіңіздің біліміңізбен, мінез-құлқыңызбен және отансүйгіштігіңіз бен барлық жастарға үлгі болып, болашақта сіздер Өзбекстанның дамуына әсер ететін күш боласыздар, -деді Шавкат Мирзияев.
Президенттік мектептер биыл Нүкіс, Хиуа және Наманганда да ашылады. 2020 жылда Бұхара, Жыззақ, Қашқадария, Самарқанд және Ферғана облыстарында, ал 2021 жылы Әндіжан, Науаиы, Сұрхандария, Сырдария және Ташкент облыстарында салу жоспарланған.










Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.