11 ақпан — Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай Ташкент қаласында «SheSCIENCE 2026» Орталық Азия ғалым әйелдерінің халықаралық форумы өтті.
Форум Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы, Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі, Отбасы және әйелдер комитеті, Азия даму банкі және TWAS — Дүниежүзілік ғылым академиясының ынтымақтастығымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға мемлекеттік басқару органдары, халықаралық ұйымдар, ғылыми мекемелер мен жоғары білім беру жүйесінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан 200-ге жуық ғалым әйелдер қатысты.
Атаулы форумға қатсықан Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Отбасы және әйелдер комитетінің төрайымы Зулейха Махкамова, Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қунғиратбай Шарипов, Ғылым академиясының президенті, Өзбекстан Қаһарманы Шавкат Аюпов елімізде әйелдердің ғылым саласындағы белсенділігін қолдауға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ Азия даму банкінің Өзбекстандағы өкілдігінің директоры Канокпан Лао-Арая мен TWAS вице-президенті Сабах Ал-Мумин Орталық Азиядағы ғалым әйелдердің ғылыми қызметін қолдау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
[gallery-27597]
Форум аймақта ғылым саласында еңбек етіп жүрген әйел ғалымдарды біріктіру, олардың әлеуетін арттыру және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылған.
Шара аясында ғылым мен инновация, өңірлік және жаһандық ынтымақтастық, тұрақты даму, экология, медицина, инженерия, цифрлық технологиялар және биотехнология сияқты өзекті бағыттар талқыланды.
Ғылыми және инновациялық экожүйелерді интеграциялау арқылы өңірлік дамуға арналған панельдік сессия ұйымдастырылып, оған БҰҰ, Орталық Азия елдері және халықаралық ғылыми ұйымдар өкілдері қатысты.
Ғылыми бағдарлама аясында биология және медицина, экология және климат, математика, инженерия және физика бағыттарында үш ғылыми сессия өткізіліп, биотехнология, тұрақты даму, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және инженерия салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы ғылыми қызметке қатысты мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 1 триллион 405 миллиард сумнан асатын 763 ғылыми жоба орындалды. Оның 214-іне (28 пайызына) ғалым әйелдер жетекшілік еткен.
2025 жылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейіне қабылданған 17 мыңнан астам ізденуші мен тағылымдамадан өтушілердің шамамен 48 пайызы және қазірде осы жүйеде білім алып жатқан 36 мыңнан астам зерттеушінің жартысына жуығын әйелдерді құрайды.
«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында 2025 жылы жеңімпаз атанған 93 қатысушының 40 пайызы – әйелдер.
Шетелдік ғылыми тағылымдамаларға жіберілген 145 жас ғалымның 24 пайыздан астамы әйелдер болып, олар Венгрия, Түркия, Қытай, Малайзия, Ұлыбритания және Беларусь елдерінде ғылыми тәжірибе жинақтап жүр.
Қазіргі уақытта Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі жанындағы Жастар академиясының 7 400-ден астам мүшесінің 47 пайызын әйелдер құрайды.
Форум қатысушылары «SheSCIENCE 2026» іс-шарасы Орталық Азияда ғалым әйелдердің ғылыми қызметін қолдау, гендерлік теңдікті нығайту, жастарды ғылымға тарту және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге қызмет ететін маңызды алаң екенін атап өтті.
суреттерді түсірген О.Мирсоатов, ӨзА