Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшылары кеңесінің екінші отырысы басталды

Атаулы саммитке Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Президенті Сооронбой Жээнбеков, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысуда.

Өзбекстан Президенті саммитке келген өз әріптестерімен амандасып, бұл кездесу өмір талабының көрінісі, тараптардың тату көршілік қатынастарды нығайтуға және серіктестікті кеңейтуге деген ұмтылысының көрінісі екенін айтып, «Жатартқанның мейірімі мен біздер көрші болып, халықтарымыздың тарихы мен тағдыры, келешегі бір-біріне тығыз байланысты. Ал бұл жағдай біздің аймақты біріктіруші үлкен күш»,-деп айтты.

Содан кейін Орталық Азиядағы көпжақты ынтымақтастық туралы ортақ көзқарасты келісу қажеттігін атап, негізгі бағыттар бойынша пікірлерін білдірді және бірқатар маңызды бастамаларды алға тартты.

Өзбекстан ауыл шаруашылығы техникасы, автокөлік өндірісі, электротехника, тоқыма және аграрлық салаларда белсенді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіріп, өңірлік көлік байланыстарын нығайту және транзиттік әлеуетті іске асыру мен аймақтың ұзақ мерзімді мүдделерін ескере отырып, энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажет екендігі жәнеде «Орталық Азия елдеріне саяхат» атты халықаралық туризм конференциясын өткізу сынды маңызы зор мәселелер жөнінде ұсыныс білдірді.



Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабарды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.