Ташкентте Халықаралық йога күні аталып өтті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкент қаласындағы Орталық саябақта 21 маусым – Халықаралық йога күніне орай көпшілікке арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Он екінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі шараны Үндістанның Өзбекстандағы елшілігі мен Лал Баһадур Шастри атындағы Үнді мәдениеті орталығы Өзбекстан Республикасының Спорт министрлігі және Йога федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.
[gallery-30036]
Іс-шара аясында «Адамдар мен ғаламшар игілігі үшін Аюрведа» тақырыбында арнайы көрме де өтті. Онда аюрведалық медицинаға, салауатты өмір салтына қатысты өнімдер, кітаптар мен түрлі басылымдар көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмеге келушілер табиғи сауықтыру әдістері, аурулардың алдын алу жолдары және денсаулықты сақтаудың дәстүрлі тәсілдері жөнінде жан-жақты мәлімет алды.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА