Ташкентте БАҚ саласын жетілдіру мәселесі талқылануда

«БАҚ саласында ұлттық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері» бойынша республикалық конференциясы басталды.
Бүгін, Өзбекстан Президенті Әкімшілігі құзырындағы Ақпарат және коммуникациялар агенттігі тарапынан «Hyatt Regency Tashkent» қонақ үйінде «БАҚ саласында ұлттық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері» бойынша республикалық конференциясы басталды.

Онда тиісті ұйым өкілдері, депутаттар мен Агенттік басшылығы қатысуда.
Аталған конференцияда Агенттік басшысы Комилжан Алламжанов алғашқы сөзді бастап, өткен дәуір кезеңінде халықаралық рейтингтерде сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының беделін арттыру, Медиа-омбудсменінің рөлін, түрлі шетелдік веб-ресурстарға қолжетімділікті арттырылғанынада тоқталып өтті.
