«Жібек жолының жауһары» ХV Ташкент халықаралық кинофестивалі аясында түркітілдес елдердің кино өкілдерінің қатысуымен «Бауырластық өнері» форумы өтті.

Айтулы шараға, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі О.Назарбеков, Кинематография агенттігінің бас директоры Ф.Абдухоликов, Түрксой ұйымының бас хатшысы С.Раев, Әзірбайжан Мәдениет министрінің кеңесшісі О.Фикретоглу, Түркия Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Кино департаментінің бас директоры Э.Йылмаз, сонымен қатар жергілікті және шетелдік кино өнерінің өкілдері қатысты.

Форумда сөзге шыққандар Ташкент халықаралық кинофестивалі түркітілдес елдердің кино өкілдері арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға кең жол ашқанын атап өтті.

Осы үдерісте түркітілдес елдердің кино өкілдерінің өзара ынтымақтастығын нығайтуда, тәжірибе алмасуда, алдағы жоспарлармен пікір алмасуда бұл форумның маңызы зор.

Форумда Түріксой халықаралық ұйымына мүше елдердің үздік киногерлерін марапаттау рәсімі өтіп, онда Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер, театр майталманы Тұңғышбай Жаманқұлов Түріксой ұйымының сыйлығымен марапатталды.

Форумның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып, онда түрік әншісі Айла Челик, Қырғыз Республикасының халық әртісі Бек Борбиев, Өзбекстанның халық әртісі Жеңісбек Пиязов, әзірбайжандық әншілер Талиб Теле, Зейнеп Хасенлидің орындауындағы әндер қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте алғаш рет түркітілдес елдердің «Бауырластық өнері» форумы өтті