2025 жылдың 5–9 сәуірі аралығында Ташкент шаһары дүние жүзінің назарына ілікті. Себебі бұл күндері Өзбекстан астанасында Парламентаралық одақтың 150 жылдығына арналған мерейтойлық Ассамблея өтті. Осы маңызды шараның қорытындысы жайлы ӨзА агенттігінің тілшісі Парламентаралық одақтың Президенті Тулия Эксонмен сұхбаттасты.

– 150-ассамблея табысты аяқталды. Оның дәл осы Өзбекстанда өтуі – біз үшін зор мәртебе, – деді ұйым басшысы өз сөзінде. – Бұл жиында біз мол тәжірибе жинадық, жаңа идеяларға жол аштық. Өзбекстан Республикасының Президентімен болған жүздесу, сондай-ақ Мемлекет басшысының мазмұнды баяндамасы – барлық делегаттарға ерекше әсер қалдырды.

Президент мырза өзінің сөзінде әлеуметтік инклюзия, азаматтық институттарды, соның ішінде парламенттердің рөлін нығайту жөнінде маңызды бастамалар көтерді. Әлеуметтік әділеттілік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Себебі әділет пен бейбітшілік – тұрақты дамудың кепілі. Егер елде тыныштық болмаса, халық өзін толыққанды дамыған мемлекетте өмір сүріп жатыр деп айта алмайды.

Ассамблея аясында қабылданған Ташкент декларациясы – айтулы құжат. Ол жиналғандар тарапынан зор қошеметке ие болды. Бұл құжатта тұрақты даму мақсаттары, әлеуметтік прогресс, әйелдер мен жастардың қоғамдағы орны, гендерлік теңдік сияқты өзекті мәселелер қамтылды.

– Біз парламент қабырғасында нәзікжандылардың саны артқанын, жастардың да заң шығару ісіне белсенді араласып жатқанын көріп, қуандық, – дейді Тулия Эксон.

– Президенттеріңіздің баяндамасы декларацияның негізіне айналғанын үлкен құрмет деп білеміз. Сондықтан да Ташкенттің аты біздің ұйымның тарихында алтын әріптермен жазылады. Және бұл құрмет тек астанаға ғана емес, Самарқанд пен өзге де қалаларыңызға қатысты. Өзбекстан халқы бізді шынайы ықыласпен, кең пейілмен қарсы алды. Бұл сапарымыз ұмытылмас, тарихи сәттерге толы болды. Өзбек халқына шын жүректен алғыс айтамыз. Президенттеріңізге және Сенат Төрайымына айрықша ризашылығымды білдіремін.

Н.Абдураимова, ӨзА

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент төріндегі тарихи жиын: Парламентаралық Одақтың 150-ассамблеясы өз мәресіне жетті