Өзбекстанның аймақтарында тұрақты тұрғындарының саны белгілі болды. Қазіргі кезде Ташкент қаласында шамамен 3 млн-ға жуық адам тұрады.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәлімдеметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республиканың тұрақты тұрғындарының саны бойынша Самарқанд облысы көш бастап тұр – 4 031 299 адам.
Кейінгі орындарда 3 896 393 тұрғыны бар Ферғана облысы мен 3 408 313 тұрғыны бар Қашқадария облысы орын алған.
Қалған аудандардағы тұрақты халық санының көрсеткіші төмендегідей:
- Әндіжан облысы – 3 253 501 адам;
- Ташкент облысы – 2 941 620 адам;
- Наманган облысы – 2 931 066 адам;
- Ташкент қаласы – 2 860 511 адам;
- Сұрхандария облысы – 2 743 196 адам;
- Бұхара облысы – 1 976 866 адам;
- Қарақалпақстан Р. - 1 948 496 адам;
- Хорезм облысы – 1 924 167 адам;
- Жызақ облысы – 1 443 380 адам;
- Науаи облысы – 1 033 869 адам;
- Сырдария облысы – 878 599 адам.
Еске сала кетсек, 2021 жылы Өзбекстан халқының саны күн сайын шамамен 2000 адамға көбейген. 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 35 271 276 адамды құраған.