Ташкент облысының Бөке ауданыда орта ғасырларға тиісті құнды заттар табылды.
Өзбекстан Ғылым академиясының мәліметінше, жұмыртқа тәрізді 2 дөңес және 2 дана ортағасырға тиісті археологиялық ескерткіш табылды.
Табылған тарихи нысандардың арасында әйел бейнесі бедерленген тасбақа тәріздес құмыра бар. Мұндай құнды ыдыс Ташкент облысынан алғаш рет табылды. Ол ежелгі грек дәстүрі бойынша жасалған.
Бұл ежелгі «Чоч-Ташкент» аймағына Селевкилер көсемі Демодамның (б.з.д. III ғ.) келуімен байланысты болуы мүмкін. Қыш ыдыста грек құдайының бейнесі бейнеленген.