2025 жылдың соңына дейін Ташкент метрополитенінің барлық бекеттерінде билет сататын автоматтар орнатылып, кассалар жабылады.

Метрополитен хабарында айтылғандай, жабылып жатқан кассалардағы оператор қызмет орны біртіндеп қысқартылуда. Атап айтқанда, алғашқы кезеңде 204 касса операторының штаттық бірлігі белгіленген нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес қысқартылды.

Жыл соңына дейін метрополитеннің барлық бекеттеріне автоматтандырылған терминалдар орнату жоспарланған. Нәтижесінде Ташкент метросында касса операторы мен аға оператор қызметтеріне қажеттілік қалмайды.

«Ташкент метрополитені» ДУК әкімшілігі жұмыс істеп жүрген оператор қызметкерлеріне жаңа қосымша мүмкіндіктер ұсынуды көздеп отыр. Қызмет орны қысқартылып жатқан әрбір қызметкерге өз қалауына және қабілетіне қарай кәсіптік оқу курстарына қатысу ұсынылады. Олар бухгалтерлік есеп, тігіншілік, кондитерлік және басқа да бағыттар бойынша курстарды таңдауға мүмкіндік алады.

Бұл оқу курстарының төлемін «Ташкент метрополитені» ДУК белгіленген тәртіпте толықтай өтеп береді, делінген хабарламада.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент метросында жыл соңына дейін барлық кассалар жабылады