2023 жыл 8 тамызға дейін «Ташкент – Астана – Ташкент» бағыты бойынша рейстер кестесі өзгереді.
Ұлттық әуе компания хабарлауынша, Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Ташкент-Астана және Астана-Ташкент бағыттары бойынша «Uzbekistan Airways» әуе компаниясының ұшу кестесіне міндетті өзгеріс енгізіледі.
Осыған орай 2023 жылдың 8 тамызына дейін «Ташкент – Астана – Ташкент» бағыттары келесі кесте бойынша жүзеге асырылатыны хабарланды:
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және сенбі:
Ташкенттен ұшу: 19:30 (Ташкент уақыты)
Астанаға келу: 22:30 (Астана уақыты)
Астанадан ұшып шығу: 23:35 (Астана уақытымен)
Ташкентке келу: 00:35 (Ташкент уақыты).
Ал жұма күндері:
Ташкенттен рейс: 06:55 (Ташкент уақыты)
Астанаға келу: 09:55 (Астана уақыты)
Астанадан ұшу: 11:00 (Астана уақыты)
Ташкентке келу: 12:00 (Ташкент уақыты).