Түркіменстан Өзбекстанға электр қуатын импорттай бастады
Түркіменстан 2019 жыл 1-ші желтоқсаннан бастап Өзбекстанға 500 кВттық электр тогын тасымалдауды жолға қойған.
Соңғы кездері Өзбекстан аумағында электр тогы желісінде үзілістер жиілеп халық арасында наразылықтар тудырып жатқанын Премьер-министр Абдулла Арипов қатты сынға алған болатын.
Бұл жағдайларға Өзбекстан Республикасының энергетика министрлігі 29-шы қарашадағы берген ресми түсініктемесінде 2019-2020 жылдар аралығында Түркіменстанның «Туркманэнерго» мемлекеттік электр энергетика корпорациясымен жасалған келісімге байланысты, осы жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап Өзбекстанға 500 кВттық электр тогын тасымалдайтынын мәлімдеген.
Осы келісімге сай «Туркманэнерго» корпорациясы Өзбекстанға электр тогын импорттай бастады. Өзбекстанның ұлттық электр желілері АҚ-ның мәлімдеуінше алдағы уақытта электр энергиясымен байланысты көңілсіз жағдайлар болмауы айтылған.