2022 жылдың алғашқы ширегінің қорытындысы бойынша өзбекстандықтардың орташа номиналды жалақысы 3,4 миллион сумды құрады.

Статистика комитетінің хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстанда орташа айлық атаулы жалақы 3 млн 426,8 мың сумды (өткен жылдың қаңтар-наурызында – 2 млн 876,4 мың сум) құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1 пайызға өскен.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ең жоғары орташа айлық жалақы банк, сақтандыру, лизинг және несие делдалдық қызметінде байқалған – 8,4 миллион сум. Ақпарат және байланыс саласында орташа айлық жалақы 6,5 миллион сум, тасымалдау және сақтау саласында - 4,5 миллион сум, өнеркәсіп саласында - 4,4 миллион сум, құрылыс бойынша - 4,1 миллион сум, сауда-саттық - 3,5 миллион сум, білім саласында – 2,5 миллион сумды құраған. Ең төменгі орташа жалақы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында тіркелді – 2,3 миллион сум. 

Аймақтар бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы көрсеткішінде Ташкент қаласы көш бастап тұрған болса (5,2 миллион сум), ең төменгі орташа жалақы Ферғана облысына тура келеді (2,5 миллион сум).

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Статистика: Өзбекстанда орташа жалақы қанша?