ФОТОРЕПОРТАЖ

Сұрхандария облысының «Шеробод» ауданда «Анар фестивалі» өтті.

«Жемістер патшасы» саналатын анардың әлемде 500-ден астам түрі өсіріледі. Ал Өзбекстанда 30-дан астам сорты бар.

«Шеробод» ауданында бес мың гектарға жуық анар бағы бар. Анар алқаптарының 700 гектардан астамы фермерлер мен диқаншылық шаруашылықтарға, 3 мың гектардан астамы халықтың қосалқы шаруашылықтары мен кәсіпкерлер үлесіне тиесілі.

Анар өсіруге қолайлы климатқа ие ауданда өсірілетін «Гулаби», «Қазақи», «Ташқурған», «Гайзара», «Қара дән» секілді анар түрлері ұзақ уақыт сақталуы, тәттілігі және дәрумендерге бай болуымен тұтынушылардың назарын аударды.

[gallery-20212]

Айтулы шарада, өнерпаздардың өнер көрсетуі, олардың орындауындағы Сұрхан әуендері фестиваль қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Фестиваль соңында «Ең дәмді анар шырыны-2024», «Ең дәмді анар түрі», «Ең үлкен анар-2024» секілді номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

суреттерді түсірген Ж.ҚУЗИМУРОДОВ, ӨзА

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сұрхандарияда «Анар фестивалі» өтті