Кейінгі жеті жылда Өзбекстанда электромобиль импорты 10 есе артты.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Өзбекстан шет елдерден жалпы құны 166,8 миллион доллар болатын 12 913 электромобиль импорттаған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 2 371 көлікке көп.
Ең көп электромобиль импорттаған елдер:
- Қытай – 12 840
- Қазақстан – 22
- Гонконг – 15
- Германия – 12
- БАӘ – 10
- АҚШ – 9
2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 10 мемлекеттен 217,1 миллион долларлық 7 391 электромобиль әкелінген. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 084 электромобильге немесе шамамен 6 есеге өскенін көрсетеді.
2022 жылы 69,8 миллион долларлық 180 электромобиль импортталған. 2021 жылмен салыстырғанда 1371 электромобильге артқан.
- 2020 жылы 131 дана
- 2019 жылы 39 дана
- 2018 жылы 13 дана электромобиль импортталған.