СІМ: Өзбекстан АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптайды
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Иран арасындағы бітімге қатысты өз ұстанымын білдірді.
Өзбекстан Пәкістан басшылығының делдалдығымен Таяу Шығыста атысты толық тоқтату және бейбітшілік орнату жөніндегі жарияланған келісімді құптады.
«Бұл келісімді шиеленісті бәсеңдету, саяси-дипломатиялық диалогты дамыту және өзара қолайлы шешімдер табуға жағдай жасау жолындағы маңызды қадам деп санаймыз. Барлық тараптарды сабыр сақтауға, жағдайдың ушығуына әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тартуға, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға шақырамыз», делінген мәлімдемеде.
Өзбекстан қақтығыстарды тек бейбіт жолмен, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына сәйкес шешу қажеттігі жөніндегі өзгермейтін ұстанымын тағы да растады.