ШЫҰ форумы аясында алғаш рет Іскер әйелдер конференциясы өтті
Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Іскер әйелдер форумы өтті.
ШЫҰ-ның Ташкенттегі дипломатиялық корпусының өкілдері, мүше елдердің мемлекеттік және мемлекеттік емес әйелдер ұйымдарының басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, кәсіпкер әйелдер, осы саладағы халықаралық сарапшылар қатысқан конференцияда, экономикалық әл-ауқатты қамтамасыз етуде кәсіпкерлік субъектілерінің маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Кәсіпкер – мемлекет пен азаматтық қоғамның тұрақтылығы мен дамуының кепілі және тірегі. Сондықтан Өзбекстан тарапы алғаш рет Іскер әйелдер конференциясын өткізу және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің іскер топ өкілдерін біріктіру бастамасын көтерді.
Бұл конференция ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің іскер әйелдері арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік қарым-қатынастарды жандандыру, әйелдердің кәсіпкерлік қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылау, бизнестің перспективалық бағыттарын талдау және кәсіпкерлікті ұйымдастыру және дамыту бойынша өзара тәжірибе алмасу үшін ерекше платформа болды.