
Өзбекстанда Ресей капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны артып келеді.
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2023 жыл 1 наурыздағы жағдай бойынша республикада жұмыс істейтін шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 13161 болды.
Олар қатарында Ресей капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2835-ті құрап, көш бастап тұр.
Өзбекстанда шетел капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны:
- Ресей – 2835;
- Түркия – 1806;
- Қытай – 1763;
- Қазақстан – 988;
- Корея – 748.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында шетел капиталының қатысуымен жаңадан құрылған кәсіпорындардың саны:
- Ресей – 151;
- Қытай – 65;
- Түркия – 40;
- Қазақстан – 34.