Шет тілдерді дамыту агенттігінің қорына 15 миллиард сум бөлінеді
Халыққа бiлiм беру саласындағы реформаларды қолдау қорына бөлінген қаржы есебінен Шет тiлдерiн оқытуды қолдаудың бюджеттен тыс қорына 15 миллиард сум көлемiнде бiр жолғы қаржылай көмек бөленедi.
Norma.uz сайтының хабарлауынша, бұл Министрлер Кабинетінің 19 қаңтарда қабылданған «Шет тілдерін оқытуды жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысында қарастырылған.
Бөлінген ақша мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, академиялық лицейлерде, жоғары оқу орындарында және оқу орталықтарында тиімді оқыту әдістерін, бағдарламалар мен оқулықтарды енгізуге бағытталады.
Шетелде шығарылған әдебиеттер, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, халықаралық сынақтар мен лицензиялар, шет тілдерін оқытуға арналған контентке авторлық құқықтар сатып алынады.
Қаражат ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, шет тілдерін үйренуді ынталандыру бойынша бағдарламалық жобаларды әзірлеуге және енгізуге, атап айтқанда, негізгі тілдік дағдыларды қалыптастыру үшін бейнероликтерді, ойындарды, фильмдерді және басқа да білім беру контентін жасауға жұмсалады.
Сондай-ақ салаға жоғары білікті мамандарды, соның ішінде азаматтық-құқықтық шарттар негізінде жергілікті және шетелдік мамандарды тарту қарастырылған.
Шет тілі мұғалімдерінің оқу, жазу және сөйлеу дағдыларын дамыту үшін білікті мамандарды тарта отырып, біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылады.
2022 жылдың 1 ақпанынан бастап орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдарда (сыныптарда) жұмыс істейтін кемінде С1 ұлттық немесе оған теңестірілген халықаралық деңгейде мойындалған сертификаты бар орыс тілі мұғалімдеріне 50% қосымша ақы төленеді.