Шахмат тәжі үшін өтетін бәсекенің жүлде қоры белгілі болды
Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін қазіргі әлем чемпионы Гукеш Доммараджу мен Үміткерлер турнирінің жеңімпазы Жавохир Синдоров арасында өтетін матчтың жүлде қоры белгілі болды.
Кездесу үшін жалпы 2,5 миллион АҚШ доллары бөлінген.
Матч барысында әрбір жеңіс үшін шахматшыларға жеке сыйақы төленеді — әр жеңіске 200 мың доллардан беріледі. Жүлде қорының қалған бөлігі қорытынды нәтижеге қарай бөлінеді.
Егер классикалық партиялар қорытындысы бойынша есеп 7,5:6,5 немесе 8:6 болып тіркелсе, чемпион атанған шахматшы 1,3 миллион доллар, ал екінші орын алған ойыншы 1,2 миллион доллар көлемінде сыйақы алады.