Шахмат олимпиадасына қатысушылар Самарқандтың тарихи орындарын аралады
ФОТОРЕПОРТАЖ
Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысушылар үшін мазмұнды саяхат ұйымдастырылды. Осыған орай Олимпиадаға қатысып жатқан қонақтар мен шахматшылар Самарқандтың тарихи-мәдени ескерткіштерін тамашалады.
Атап айтқанда, шахматшылар Имам Бұхари кешеніне барып, ұлы хадис ғалымының өмірі мен ғылыми мұрасымен, ислам әлемінде теңдессіз маңызға ие еңбектерімен жақын танысты.
[gallery-31572]
Самарқандтың бай тарихы мен қайталанбас сәулеттік келбеті шетелдік қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды. Сапар барысында қатысушылар тарихи ескерткіштерді тамашалап қана қоймай, еліміздің мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Осылайша, спорттық додадағы тартысты бәсекелер арасында ұйымдастырылған мәдени бағдарлама олимпиада қатысушылары үшін мазмұнды демалыс пен жаңа әсерлердің қайнар көзіне айналды.
суреттерді түсірген А.ИСРОИЛОВ, ӨзА