Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев 26 маусымда Самарқанд облысының сайлаушыларымен кездесті.

Кездесуді кандидаттың Самарқанд облысындағы өкілі Рустам Холмуродов ашып, Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен аймақта халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында орасан зор жұмыстар атқарылып, Самарқанд шын мәнінде гүлденіп келе жатқаны атап өтілді.

Содан кейін Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев өзінің сайлауалды бағдарламасы бойынша баяндама жасады.

Самарқандтық сайлаушылармен кездесуде кандидат алдағы жеті жылда Өзбекстанда туризмді дамыту жөніндегі жоспарлары туралы айтты.

– Туризм саласында ашылған бір жаңа жұмыс орны басқа салаларда тағы екі жұмыс орнының ашылуына әкеледі. Шынын айту керек, аптап ыстықта, қатты аязда барлығын мақтаға күштеп жұмылдырған жылдары да Өзбекстанның мақта талшығының экспорты 1 миллиард доллардан аспады. Қазіргі уақытта туризм экспорты бұл межеден асып түсті. Үш-төрт есеге арттырсақ, мақта екпесек те болады дейді кандидат.

Осыған орай:

- барлық халықаралық әуежайларда шетелдік туристерге Өзбекстаннан сатып алған өнімдері үшін қосылған құн салығы қайтарылуы жолға қойылады;

- шетелден туристер әкелетін туроператорларға, сондай-ақ экспорттаушы кәсіпорындарға қосылған құн салығы толық қайтарылады;

- туроператорлардың көлігі қаладағы туристік маршруттар мен объектілерге бару үшін ыңғайлы жүргізу жағдайларымен қамтамасыз етіледі;

- шетелден әкелінген туристік көлік құралдары үшін қосылған құн салығын үш жыл ішінде пайызсыз төлеуге рұқсат етіледі.

Президенттікке үміткер жиында ішкі туризмді насихаттауға ерекше көңіл бөлінетінін мәлімдеді.

– 2030 жылға қарай кем дегенде 25 миллион халқымыз елімізді аралап шығуы үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылады.

Жеке серіктестік негізінде:

- Ферғана алқабынан Ташкент, Нөкіс, Бұхара және Үргеніш қалаларына күнделікті рейстер көбейтіледі;

- еліміздің масштабында қалааралық автобус тасымалымен айналысатын компаниялар құрылады;

- Ферғана алқабының аудандары мен қалаларын байланыстыратын «Алтын алқап туристік сақинасы», Хорезм мен Қарақалпақстан арқылы өтетін «Қамалдар сақинасы» сияқты жаңа туристік маршруттар ашылады;

- тату көршілік саясатын жалғастыра отырып, біз Намангандағы Нанай мен Ферғанадағы Шахимарданның туристік әлеуетін толық пайдаланамыз;

– Өңірлерде тағы 4 мың мейманхана, қонақ үй мен хостел салынып, қонақ үйлер саны екі есеге (120 мыңнан 250 мыңға дейін) артады, – деді кандидат.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Кедергісіз туризмі» бағдарламасы әзірленетіні белгілі болды.

Бұнда:

- әр облыстан жылына 1000 мүгедектігі бар жанға Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларына тегін саяхаттар ұйымдастырылады;

- Алдағы екі жылда әуежайда, автовокзалдарда 200 мәдени мұра және 100 концерттік-қойылым нысаны, қажетті инфрақұрылым жасалады.

– Осы бағдарламаны жүзеге асыруға жыл сайын 200 миллиард сум бөлеміз. Жалпы, 2030 жылға дейін туристік жобаларға 2,5 миллиард доллар инвестиция салынады, деді кандидат.

Автомобиль, әуе және теміржол көлігі желісін одан әрі кеңейту жоспарланып отырғаны айтылды.

- Сандарға назар аударыңыз. 2016 жылға дейін 25 жылда Өзбекстан 25 ұшақ әкелген. Бізде бір ғана монополист әуе компаниясы болды. Соңғы жылдары 19 заманауи ұшақ әкелінсе, 5 жекеменшік авиакомпания жұмысын бастады. Соның нәтижесінде биылғы жылы әуе қатынасы екі есеге артты. Алдағы жеті жылда тағы 56 заманауи ұшақ әкеліп, паркімізді 100-ге жеткіземіз. Ұшу саны төрт есеге, халықаралық рейстер бес есеге ұлғайтылады, – деді Шавкат Мирзиёев.

Бұл үшін:

- Жеке серіктестік негізінде өңірлердегі 6 ірі әуежай жаңартылады;

- Барлық әуежайларда «Ашық аспан» режимі енгізіледі (Самарқанд, Бұхара, Үргеніш, Әндіжан, Қаршы, Термез және Нөкіс қалаларына «бесінші әуе еркіндігі» берілді).

Жиында алдағы жеті жылда республикалық маңызы бар жолдарды салу мен жөндеуге барлығы 5,3 миллиард доллар бөлінетіні айтылды.

Бүгінде «Ташкент-Самарқанд» бағыты бойынша 35 мың, «Ташкент-Әндіжан» бағыты бойынша 30 мың көлік жүріп жатыр. Бұл жол жүктемесінің 1,5-2 есеге артқанын білдіреді. Сондықтан Еуропалық қайта құру және даму банкі және Дүниежүзілік банктің қолдауымен жекеменшік әріптестік негізінде «Ташкент – Самарқанд» және «Ташкент – Әндіжан» бағыттары бойынша жаңа жүрдек магистральдар салынады. Оған 4 миллиард доллар инвестиция салынады. Нәтижесінде бұл бағыттар бойынша межелі жерге жету уақыты екі есе қысқарады.

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қолдауымен Ташкент-Шахрисабз-Термез (М-39) жолы, Самарқанд-Бұқара-Олот жолы жөнделеді. Бұл үшін 300 миллион доллар бөлеміз, деді кандидат.

Жиында өңірдегі білім саласын дамыту тұрақты назарда болатыны айтылды.

- Біз алдағы жеті жылда Самарқанд облысында қосымша 110 мың жаңа оқушы орын ашамыз. Бұл ретте 21 жаңа мектеп пен 347 мектепке қосымша ғимараттар салынып, 210 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. 2030 жылға қарай ешбір ауданда балабақша мәселесі болмайды. Осы мақсатта 76 махаллада алғаш рет балабақша қызметі іске қосылып, қосымша 255 балабақша ашылады, – деді Шавкат Мирзиёев.

Сайлауалды бағдарламада Самарқанд облысы тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген.

– Алдағы жеті жылда облыста 100 мың пәтерлі заманауи әрі қолжетімді 2300 тұрғын үй салынады. Атап айтқанда, Самарқанд қаласы мен барлық аудандарда «Жаңа Өзбекстан» массивтері құрылады. 5 мың 300 шақырым ішкі жолдар мен 160 көпір жөнделіп, 5 мың 700 шақырым электр желісі, 2 мың трансформатор жаңартылады. Сондай-ақ 7 мың шақырым ауыз су және сарқынды су желілері салынып, 180 махаллада (1,2 млн. тұрғын) ауыз сумен қамтамасыз ету жақсарады. Нәтижесінде 2030 жылға қарай облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 96 пайызға (қазір – 71 пайыз) жетеді. Жалпы, ауыз су мен жол инфрақұрылымын жақсартуға 450 миллион доллар бөлінеді, деді кандидат.

Шавкат Мирзиёев сонымен қатар Самарқанд қаласын тұрғындар мен туристер үшін қолайлы «миллиондық қалаға» айналдыру жоспарлары туралы хабарлады.

– Бұл үшін Самарқанд, Пастдаргом, Ақдария және Тайлақ аудандарынан қалаға 18 мың гектар жер беріледі. Облыстың әкімшілік орталығы қаланың тарихи орталығынан басқа ауданға көшіріледі. Самарқанд қаласының су құбыры мен жол желілерін жаңғыртуға қосымша 270 миллион доллар бөлінеді. Қаладағы қоғамдық көлік жүйесі толығымен жаңартылады.

Осы мақсатта 40 жаңа автобус бағыты, әуежай, вокзал және тарихи орталықтарды байланыстыратын 5 экспресс-автобус бағыты құрылады, деді кандидат.

Жиында партия өкілдері мен қонақтар сөз сөйлеп, Өзбекстан Республикасы Президенттігіне сайлауда Шавкат Мирзиёевтің кандидатурасын қолдайтындықтарын баса айтып, өзгелерді де соған шақырды.Учрашувда партия вакиллари ва меҳмонлар сўзга чиқиб, Ўзбекистон Республикаси Президенти сайловида Шавкат Мирзиёев номзодини қўллаб-қувватлашини таъкидлади ва бошқаларни ҳам шунга даъват этди. 

З.ЖОНИБЕКОВ, ӨзА 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев: туризм экспортын үш-төрт есеге арттырсақ, «мақта екпесекте» болады