Шавкат Мирзиёев Астанаға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысу үшін Астана қаласына келді.
Жоғары мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Бүгін Өзбекстан Президенті шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.
Ертең Мемлекет басшысы саммит жұмысына қатысады.



