Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 7-ші қазан күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында мемлекет басшысы ресейлік әріптесін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт, сәттілік тіледі.

Тараптар Өзбекстан – Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық байланыстарын дәйекті түрде дамып келе жатқандығын атап, бүгінде олардың сапасы тұрғысынан жаңа мазмұнмен толықтырылғаны да айтылды.

Мемлекет басшылары келісімдер мен қол қойылған бітімдерді уақтылы орындалуының, өзара сауданың көлемін ұлғайтудың, инвестициялар, ғылым, технология, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да басым бағытты салалардың ынтымақтастығын кеңейтудің маңыздылығын айтып, қос елдің парламентаралық, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сұхбат соңында екі мемлекет басшылары Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық пен жан-жақты серіктестікті мемлекет пен халықтардың игілігі үшін одан әрі нығайтуға деген ұмтылыстарын растады.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.