
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-6 желтоқсанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен барады.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында бауырлас халықтарымыз арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік байланыстарын одан әрі нығайту жолдарын талқылау мақсатында жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер өтеді.
Сондай-ақ күн тәртібінде саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, бірінші кезекте экономиканың түрлі салаларында практикалық байланыстар мен нақты ынтымақтастық жобаларын ілгерілету, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын белсендіру мәселелері қарастырылған.
Бұдан бөлек, Өзбекстан мен Қазақстан басшылары халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, аймақтық интеграцияның негізгі бағыттарын талқылайды.
Саммит соңында екіжақты құжаттардың маңызды пакетіне қол қою жоспарланған және осы сапар қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында екі елдің жетекші компаниялары мен кәсіпкерлерінің қатысуында бизнес-форум өтеді.