Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 сәуір күні шикізат ресурстарын қайта өңдеу, экспортқа бағытталған өнімдерді арттыру мәселелері бойынша жиын өткізді.

Өнеркәсіп экономиканың барлық салаларын дамытуды жеделдетеді. Соңғы жылдары осы саланы дамытуға, жоғары технологиялық зауыттарды, индустриялық технопарктерді және өндірістік кәсіпорындарды құруға ерекше көңіл бөлінді. Өткен жылы өнеркәсіптегі қосылған бағаның үлесі 10 пайыздан асты.

Бірақ әртараптандыруға қатысты жасалатын жұмыстар көп. Мысалы, өнеркәсіптің 69 пайызы негізінен шикізат немесе бастапқы қайта өңдеу болып табылады. Экспорттың 52% -ы - түсті металдар, энергетикалық ресурстар және кептірілген жемістер құрайды. Бұл экономикада қазіргі күнге дейін дайын өнімге қарағанда шикізаттың артықшылығын көрсетеді. 

Импорттық тауарларды елімізде өндіру, шикізат пен дайын өнімге айналдырып сату дәрежесі көңіл қуантарлықтай жағдайда емес кендігі сынға алынды. Атап айтқанда, мыстың тек 25% өңделеді, мырыштың 80, 99% молибден, 88% жібек және шикі терінің 60% шикізат тәрізде экспортталады.

Тағыда айтар болсақ, 133 мың тонна өсімдік майы импортталған кезде, «Өзбекмайөнеркәсіп» ассоциациясының зауыттары 48 пайыздық қуатта жұмыс істегені әрине қанағаттанарлық жағдай емес. Сүт пен етті қайта өңдеп, сондай-ақ ауқымы азық-түлік өнімдерін дайындау саласындағы үлкен мүмкіндіктер толығымен пайдаланылмайды. 

Сондықтан, Экономика және индустрия министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мемлекеттік геология комитеті жөніндегі шикізат базасы мен импорттық үлгіге негізделген 2019-2021 жылдарға арналған қолданыстағы индустрияландырылған өнімдер тізімін қалыптастыру міндетін қойды. 

Мемлекет басшысы күнделікті өнеркәсіптік өндірісте ауқымды өнім алу және кооперативтерді дамыту қажеттілігін атап өтті. Елімізде өндірілген және импорттан келген өнеркәсіп тауарларын салыстырмалы түрде есеп-қисап жүргізілмей жатқаны жайлы да айтылды. Шағын индустриалды аймақтарға күнделікті индустриялық өнім шығару жобаларын көбейту бойынша тапсырмалар берілді.

Өнеркәсіптік даму салаларын мемлекет тарапынан қолдау маңызды фактор болып табылады. Өзбекстан Республикасы Президентінің 1 мамырдағы «Өндірістік кооперацияны одан әрі дамыту және сұранымды сапалы өнім өндірісін кеңейту жөніндегі шаралар турасындағы» жарлығына сәйкес жергілікті өндірушілерді мемлекеттік сатып алу арқылы қолдау механизмі енгізілді.

Тағы бір маңызды мәселе - өнеркәсіптік тауарларды жеткізіп берумен байланысты. Елімізде тасымалдау бағасы әлі де жоғары. Әлемде бұл көрсеткіш 8-9% аспайды. Сондай-ақ, өнімдерді сертификаттау да экспорттың маңызды факторы болып табылады.

Осыған байланысты, көлік қызметтерінің құнын төмендету және өнімді сыртқы нарықтардағы техникалық талаптармен үйлестіру жайында тапсырма берілді. Өндіріс және сертификаттау мамандарының кәсіби дамуына ерекше назар аударылды.

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев өнеркәсіпті нығайту жайында бірқатар тапсырмалар берді
Сиёсат
14:43 / 02:05:2019