Шавкат Мирзияев Ислам өркениеті орталығында болды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 20 қарашада Өзбекстан Ислам өркениеті орталығында болды.
Бұл орталықтың құрылысы мен жұмысының негізгі өлшемі екі гектарға жуық жерде үш қабатты ғимарат салынған болып, ғимараттың симметриялы орталығында шығыстық үлгідегі күмбез орнатылған.
Бірінші қабатта мұражай қоймасы, ежелгі қолжазбалар мен ескерткіштерді сақтау және қалпына келтіру бөлмелері, баспалар мен кітап дүкендері орын алып, екінші қабатта үлкен фойе орталығы Усман Құраны орналастырылады.
Сондай-ақ, бұл ортада Ислам өнерінің мұражайы, 435 адамға арналған конференц-зал болады. Көрмелерде әр ғасырдағы және әр ойшылға қатысты дереккөздер негізінде әр түрлі ғасырлардағы Өзбекстан тарихын меңзейтін материалдар көрсетіледі.
- Бұл орталық халқымызға ғасырлар бойы қызмет етіп, оның әр бір өрнегі тарихта мөр боп қалмақ. Сондықтан орталықтың негізі нақышы, мәні мен мазмұны исламдық және ғылыми тұрғыдан негізделген болуы керек. Адамдар оқып, білім алатын және жүректен сезінетін орта құру керек», - деді Мемлекет басшысы.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабарды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.










