Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 мамыр күні Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика және өнеркәсіп министрі Сухайл Бин Мухаммед аль-Мазруи басшылығындағы делегацияны қабылдады.

Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі келісімдерге қол жеткізу мақсатында келген Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші министрліктері мен комитеттері, жетекші инвестициялық, қаржылық, логистикалық, құрылыс және басқа да басшыларынан құралған делегацияны шын жүректен құттықтады.

Өз кезегінде, БАӘ энергетика және өнеркәсіп министрі Сухайл Бин Мухаммед аль-Мазруи Әмірлік делегаттары атынан Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевқа жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, БАӘ Қарулы Күштері Бас Қолбасшысының орынбасары Шейх Мухаммед бин Заит аль-Нахаян және БАӘ Вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай Әмірлігі әкімі Шейх Мухаммед бин Рашид аль-Мактумның сәлемі мен құттықтауларын жеткізді.

1.jpg

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Абу-Дабиде және Дубай қалаларында өткен жоғары деңгейдегі келіссөздер екі ел үшін достық және серіктестік қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге қызмет еткені шынайы ықыласпен атап өтілді.

2.jpg

Кездесу барысында Өзбекстанда экономиканың әртүрлі секторларында, перспективалық жобалар, оның ішінде электр станцияларын салу және жаңғырту, жаңа кен орындарын игеру және көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу жұмыстарын кеңейту, заманауи химиялық және агроөнеркәсіптік кәсіпорындар, логистикалық орталықтарды құру, Өзбекстан аумағында инфрақұрылымды дамыту және басқа да бірлескен бастамаларды дамыту жөніндегі мәселелер талқыланды. 

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Біріккен Араб Әмірліктері делегаттарын қабылдады
Сиёсат
20:52 / 02:05:2019