Сенегалда министрлердің шетелге қызметтік сапарларына шектеу енгізілді
Сенегал үкіметі министрлердің шетелге қызметтік сапарларын уақытша шектеді. Бұл шешім әлем елдері арасында сирек кездесетін қадам ретінде бағалануда.
Аталған шара Иран мен АҚШ арасындағы шиеленістің салдарынан туындаған энергетикалық дағдарысқа жауап ретінде қабылданған. Премьер-министр Усман Сонко тек аса маңызды ресми сапарларға ғана рұқсат берілетінін мәлімдеді.
Бұл бастаманың негізгі мақсаты – мемлекеттік шығындарды барынша қысқарту. Сонымен қатар мұнай бағасының күрт өсуі жағдайды одан әрі күрделендіріп отыр. Өйткені мұнайды импорттайтын Сенегал үшін мұндай жаһандық дағдарыс айтарлықтай экономикалық қысым туғызуда.