Сенат басшысы Қазақстан елшісімен кездесті
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ералы Тоғжановпен кездесті.
Сенат баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде екіжақты көпжақты әріптестікке қатысты кең ауқымды мәселелер, соның ішінде парламенттер арасындағы ынтымақтастықты, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік пен бауырластық қатынастардың екі ел басшылары арасындағы достық байланыстардың арқасында қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілген.

«Парламенттер арасындағы ынтымақтастық та жүйелі түрде дамып келе жатыр. Заң шығару, парламенттік бақылау, өңірлік кеңестермен жұмыс, Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағыттарында тәжірибе алмасуды жалғастыру қажеттігіне назар аударылды. Кездесу барысында Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформалар мен парламенттің жаңа моделі жөнінде пікір алмасты.», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан Парламенті бір палаталы Құрылтай түрінде жұмыс істейді. Алғашқы сайлау 23 тамызда өтеді.