2023 жыл 9 шілде де Өзбекстан Республикасының Президент сайлауы өтеді. Осыған орай саяси партиялар сайлауда қатысу үшін кандидаттарды тіркеуге құжат тапсыруды аяқтады.
1 маусым күні Халықтық демократиялық партиясы мен Экологиялық партия Өзбекстан Арезиденттігіне кандидаттарды тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) өтініш беріп, кандидаттарды қолдайтын қол қойылған парақтарын тапсырған.
Бұған дейін 31 мамырда Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясы Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы заңнамада көрсетілген құжаттарды тапсырған еді.
ОСК жұмыс тобы мен сарапшылық топ барлық ұсынылған құжаттарды заң талаптарының негізінде зерттейді, ал егер ұсынылған құжаттар, оның ішінде кандидаттарды қолдайтын қол қою парақтары заң талаптарына сәйкес келсе, Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстан Президенттігіне саяси партиялар ұсынған кандидаттарды тіркеу туралы шешім қабылдайды.