Самарқандта бильярдтан әлем чемпионаты басталды
Самарқанд қаласындағы әйгілі «Silk Road Samarkand» халықаралық туристік орталығында бильярдтан динамикалық пирамида бағыты бойынша әлем чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.
Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл беделді жарысқа әлемнің бірнеше елінен келген үздік спортшылар жиналды. Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Молдова және Беларусь мемлекеттерінен жалпы 150-ге жуық бильярд шебері өзара мықтыны анықтауда.
[gallery-28920]
Ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтіп, оған Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан бильярд федерацияларының өкілдері қатысып, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Олар мұндай халықаралық жарыстардың спортты дамытуға және елдер арасындағы достықты нығайтуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Самарқанд төрінде өтіп жатқан әлем чемпионаты 26 сәуірге дейін жалғасады.
суреттерді түсірген А.Исроилов, ӨзА