Саида Мирзиёева Түркияның білім беру мекемелерінің тәжірибесімен танысты
Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева Ыстанбұлға сапары аясында Нәжмеддин Билал Ердоғанмен бірге Ибн Халдун университеті мен «Yenidogu» мектебінде болды.
Сапар барысында тараптар білім сапасына, жастардың әлеуетін ашуға және олардың дербес ойлау қабілетін дамытуға ерекше мән беретін оқу орындарының білім беру тәсілдерімен танысты.

Саида Мирзиёеваның айтуынша, Түркияның тәжірибесі екі елдің білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Тараптар тәжірибе алмасу және оқушыларға, студенттер мен мұғалімдерге қосымша мүмкіндіктер жасау жөнінде келісімге келді.
– Білім беру саласы – мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жастарға білім алуға, өз әлеуетін ашуға және құрдастарымен білім мен тәжірибе алмасуға көмектеседі, – деді Саида Мирзиёева.