Ресей мен Қытай бірлесе Марсты зерттеуді бастайды
Ресей мен Қытай Марсты зерттеуге бағытталған бірлескен миссияның практикалық кезеңіне кірісті. Жоба аясында Қызыл ғаламшарды зерттеуге арналған арнайы ғылыми құрал-жабдықтарды әзірлеу және қажетті техникалық жабдықтарды дайындау көзделген.
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Бакановтың айтуынша, бұл бастама екі елдің ғарыш саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтереді.
Арнайы аппаратураларды жасау жұмыстарының басталуы жобаның талқылау кезеңінен өтіп, техникалық шешімдерді іс жүзінде жүзеге асыру сатысына көшкенін білдіреді.
Әзірге миссияны ұшырудың нақты мерзімі мен бағдарламаның өзге де егжей-тегжейі жарияланған жоқ.