Өзбекстанда өзекті мәселелерді үнемі көтеріп, халық ықыласына бөленген экс-депутат Расул Кушербаев жаңа қызметке тағайындалды.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі «Телеграм» арнасында мәлімдеп, ел дамуы, болашағы, тағдырына қатысты мәселелерге белсене қатысуды жалғастыратыны жайлы жазған.
«Табиғат ресурстар министрінің кеңесшісі ретінде жұмысымды жалғастыратын болдым.
Енді табиғат-ананы қорғау жолындағы бар мәселелерді шешу үшін ойымызда бар көптеген жоспарларды жүзеге асыруға тырысамыз. Ең бастысы, жұртшылық пен халық арасындағы байланыстан үзіліс болмайды. Негізгі жұмыс әлі алда», деп жазған Расул Кушербаев.
Еске салар болсақ, бұған дейін Расул Кушербаев Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис заң шығару палатасы депутаты лауазымындағы жұмысынан өз еркімен кеткен еді.