2024 жылдың 21 ақпанында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Өзбекстан-2030» стратегиясын «Жастар және бизнесті қолдау жылы» іске асыру туралы жарлығы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, 2024 жылдың 1 наурызынан бастап «Ёшлар дафтари» («Жастар дәптері») қорының қаражатын жастарды шет тілдері мен кәсіпке оқыту мақсаттарына бағыттау тәжірибесі жолға қойылады. Жастарды заманауи кәсіпке баулуға арналған «Ұстаз» арнайы платформасы іске қосылып, бастапқы кезеңде 250 мың жас осы платформа арқылы қамтылады.
Сондай-ақ, жас қыз-келіншектерді кәсіпкерлік, маркетинг, графикалық дизайн сынды заманауи мамандықтарға үйрететін «Қыздар академиясы» алаңы іске қосылмақ. Осы арқылы жас қыз-келіншектер үшін түрлі байқаулар, жобалар, оқу-жаттығу жиындары, тағылымдамалар ұйымдастырылады.