Қытай ұшатын көлік шығармақ
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласында ұшатын автокөлік өндіретін зауыттың құрылысы басталды.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, зауытта Land Aircraft Carrier маркалы ұшатын көлікке арналған модульдер өндіріледі.
Болашақта жобаның жылдық қуаты 10 мың данаға жетеді деп күтілуде.
Қыркүйек айында алғашқы сынақ ұшуын сәтті өткізген бұл модельдің сатылымы жыл соңында басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Илон Масктың «Тесла» компаниясы жасаған «Cybercab» робот-таксиі көпшілікке таныстырылған болатын.