Әндіжан және Ферғана облыстары бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басқармаларының қызметкерлері жүргізген жедел шара барысында Қырғыз Республикасынан Өзбекстан аумағына «Водил авто» шекара кеден бекеті арқылы өтпек болған Әндіжан қаласының 1992 жылы туған тұрғыны ұсталды.

белгіленген тәртіпте жүргізілген тексеру нәтижесінде, азаматтың киімінің ішіне жасырып, заңсыз алып өтпек болған 859 дана зергерлік бұйым мен 1 дана қол сағаты тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша, аталған зергерлік бұйымдардың химиялық құрамы – алтын, ал кейбірі бриллиант тастармен безендірілген. Заттардың таза салмағы – 4 келі 155 гр, ал жалпы нарықтық құны – 5 миллиард 213 миллион сум деп бағаланған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, Әндіжан және Ферғана облыстарында тұратын 10-ға жуық саудагер бұл қымбат әшекей бұйымдарды Түркиядан Қырғызстанға жеткізген. Ал күдікті азамат оларды 400 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы үшін Өзбекстан аумағына шекара арқылы өткізіп бермек болған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 182-бабы 2-бөлімінің «а» тармағы бойынша іс қозғалып, зергерлік бұйымдардың нақты иелерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстаннан 5,2 млрд сумдық алтын бұйымдарды заңсыз әкелген азамат ұсталды