Қырғызстан мал экспортын тоқтатты
Қырғызстан ірі және ұсақ қара мал, сондай-ақ жылқы экспортын уақытша тоқтатты.
Бұл туралы Республика Су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, шектеудің негізгі себебі — ауыл шаруашылығы жануарларының ветеринарлық қызметі тарапынан жүргізілетін түгендеу және сәйкестендіру жұмыстарын өткізу қажеттілігі.
«Іс-шара елде ауыл шаруашылығы жануарларының нақты есебін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық нормалардың сақталуын бақылауды күшейтуге бағытталған», — делінген министрлігік хабарламасында.
Жоспарға сәйкес түгендеу 15-20 күнге созылады. Осыдан кейін экспортқа рұқсат беру процесі қайта жалғастырылады.