Қазақстандық теннисші US Open чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина тарихи кездесуде US Open-2026 чемпионы атанды. Ол финалда, бұған дейінгі чемпион, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, 5,5 млн доллар көлемінде жүлдеге ие болды.
Алғашқы сетте Рыбакина Соболенконы 6:4 есебімен жеңді. Екінші сет 7:5 есебімен Беларусь өкілінің пайдасына аяқталды. Ал шешуші үшінші сетте Рыбакина 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Нью-Йорктағы екі апталық еңбегі үшін Елена 2000 рейтингтік ұпай мен 5,5 млн АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды. Чемпиондықпен бірге әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінен де айырылған Арина Соболенко 2,8 млн доллар мен 1300 рейтингтік ұпайға ие болды.