Қазақстан Жол ғылыми-зерттеу институты мамандары мемлекеттік маңызы бар жолдарда ауа температурасы -10 градуста асфальт төсеуге мүмкіндік беретін арнайы технологияны сынақтан өткізуде.
Елдің Көлік министрлігінің хабарлауынша, бұл жаңалық әсіресе солтүстік аймақтар үшін маңызды, себебі суық маусымда жол құрылысының мүмкіндігін кеңейтуге қызмет етеді.
Жаңа қоспа суға және қатал климаттық жағдайларға төзімді, төмен температурада беріктігін сақтайды.
«Арнайы қоспанының зертханалық сынақтары алдымен Алматыдағы «ҚазжолҒЗИ»-дың лабораториясында жүргізілді. Зертханалық сынақ нәтижесі жаңа қоспа қатал климаттық жағдайда жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмайтынын көрсетті.
Технология республикалық маңызы бар Күрті-Бұрылбайтал жолында сынақтан өтуде. Егер сынақ сәтті өтсе, бұл технология жол құрылысы маусымын ұзартып, энергия ресурстарына кететін шығынды қысқартып, асфальт-бетонды қыздыруға байланысты көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік бермек», делінген хабарламада.