Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысында болған оқыс оқиғадан қаза тапқан 8 өзбекстандықтың денесі елге жеткізіледі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, осы жағдайға қатысты үкіметтік комиссия құрылған.

«Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сәйкес, Қорғаныс министрлігінің арнайы әуе ұшағымен апаттан қаза тапқандарды Отанға қайтару және жерлеу рәсімдерін өткізу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, барлық қажетті шаралар қабылдануда», делінген хабарламада.

Ведомство дерегінше, ӨР Төтенше жағдайлар министрлігінің жауапты қызметкерлері Қазақстандық әріптестерімен тұрақты байланыста болып, апаттың себептерін анықтау бойынша өзара әрекеттесу жұмыстарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, 2024 жыл 3 сәуірде сағат 17:00 шамасында Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Алғын ауданы арқылы өтетін республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 678 шақырымында «Toyota-Alhpard» жүк көлігі мен «Volvo» жүк көлігінің қатысуында жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota-Alhpard» автокөлігінде болған Өзбекстан Республикасының жалпы саны 8 азаматы оқиға орнында көз жұмды. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда жол апатынан 8 өзбекстандықтың қазасына қатысты үкіметтік комиссия құрылды