Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды
Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қазақстанда 25 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды.
Бұл туралы KAZINFORM хабарлап, Қазақстан Президентінің Өкімін жариялады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде күн райының күрт нашарлап, желдің күшейуіне байланысты 17 әскер суға кеткен. Оның 14-і қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылған.