🏆JCH-2026⚽
Қазақ
Ўзбек
Özbek
Русский
English
French
German
Arabic
Spanish
Chinese
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мұнай өндірісі 2,5 пайыз төмендеді

Қазақстанда мұнай өндірісі 2,5 пайыз төмендеді
Жахан
Таңдау
09:59 / 15.11.2022

2022 жыл қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда мұнай өндірісі 2,5 пайыз төмендеді.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, елдің Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысныда осындай дерек келтірген.

«Елде машина жасау өндірісі 7,7% өсті. Атап айтқанда, автомобиль жасау – 18,3%, электр жабдықтарын жасау – 12,4% артты», - деген Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, өсім мына салаларда байқалған: химия өнеркәсібі тауарлары – 10,6%, жеңіл өнеркәсібі тауарлары – 7,8%, сусындар – 8,9%, пластмасса бұйымдары – 4%, мұнай өңдеу өнімдері – 3,7%, азық-түлік тауарлары – 3,5%.

«Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1% төмендеді. Салалар бөлінісінде өсу тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 17,8%-ті, көмір өндіруде – 1,6%-ті, металл кендерін өндіруде – 0,6%-ті құрады. Көрсеткіштердің газ өндіруде – 1,5%, мұнай өндіруде – 2,5% және өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде 9,9% төмендеуі тіркелді», -деген ведомство басшысы.

Автор: dusetov