Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігі және Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық ғылыми кітапханасы және Ә. Науаи атындағы Өзбекстан ұлттық кітапханасы өкілдерінің қатысуында «Қазақстан-Өзбекстан: Тәуелсіздік дастаны» атты халықаралық онлайнды конференциясы өтті.

Екі елдегі беделді кітапхана өкілдері мен зиялы қауым, мұғалім, ғалымдар мен бір топ БАҚ өкілдері қатысқан айтулы конференцияда, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген жетістіктер мен бірге Егемендік жолында арман-мақсаттардың орындалғаны жайлы сөз айтылды.

Конференцияда екі бауырлса халықтың арасындағы достық, тәуелсіздік жылдарындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның өзіндік бейнесі, ерекшеліктері мен мәртебесі бар табысты елге айналғаны айтылып, Орталық Азиядағы Өзбекстан мен Қазақстанның беделі, аймақтағы әлеуеті және тату көршілік ынтымақтастығы туралы баяндама оқылды. 
     
Конференцияның өту барысы фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Қазақстан-Өзбекстан: Тәуелсіздік дастаны» атты халықаралық конференция өтті