Қазақстан Өзбекстан азаматтары ең көп барған ТОП-10 елдің қатарында
Кейінгі уақытта Өзбекстан азаматтарының шетелге шығу белсенділігі артып, туристік бағыттардың географиясы да біртіндеп кеңейіп келеді.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 4,4 миллион өзбекстандық туристік мақсатпен шетелге сапарлаған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,6 мың адамға артқан.
Осы кезеңде Өзбекстан азаматтары ең көп барған ТОП-10 ел:
- Қырғызстан — 1 981 542 адам;
- Қазақстан — 805 437 адам;
- Тәжікстан — 744 974 адам;
- Ресей — 222 605 адам;
- Сауд Арабиясы — 167 337 адам;
- Түркия — 166 893 адам;
- БАӘ — 47 020 адам;
- Қытай — 43 581 адам;
- Мысыр — 32 470 адам;
- Вьетнам — 28 224 адам.
Статистикаға сәйкес, өзбекстандық туристердің басым бөлігі көршілес Орталық Азия елдеріне сапарлаған. Атап айтқанда, Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстанға барған азаматтардың жалпы саны 3,5 миллионнан асады.