Өзбекстан СІМ басшысының орынбасары мен Қазақстан Елшісі 2024 жылға жоспарланған бірлескен іс-шаралардың кестесі мен ұйымдастырушылық аспектілерін талқылады.
СІМ мәліметінше, Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Рахматулла Нуримбетов Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.
Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша елдер арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы екіжақты және көпжақты нысандарда өткізу жоспарланған бірлескен іс-шаралардың кестесі мен ұйымдастырушылық аспектілері сөз болғаны айтылады СІМ ақпаратында.